$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2020, 08:47
Жаңалықтар

Қордайға алғашқы гуманитарлық көмек жетті

Бүгіннен бастап мектептер қайта жұмыс істей бастайды 

Қордайға алғашқы гуманитарлық көмек жетті
Фото: matritca.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданында бүгіннен бастап мектеп, балабақшалар қайта жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті мұғалімдер күнделікті жұмысқа шығып, оқушылар оқу бағдарламасын жалғастырады. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік-гуманитарлық көмек беру шаралары да басталды.

Құқық қорғау органдары, Ұлттық ұлан сарбаздары, төтенше жағдай саласының қызметкерлері түнімен тыныштықты күзетіп шықты. Жағдай тұрақты. Сондай-ақ Сортөбе ауылына алғашқы гуманитарлық көмек келіп жетті.

5 тонна ұн, 1,5 май, 2 тонна қант, 2 тонна күріш, балаларға жаялық, жылы киімдер, 10 мың дана дәрі-дәрмек Жамбыл ауданынан жіберілген. Бұл заттарды Жалпақтөбе ауылының тұрғындары жәрдем, демеу болсын деп ерікті түрде жинапты. Жеткізілген заттар штабқа түсірілді. Енді шетінен қажет болған жағдайда көмекке мұқтаж жандарға тарату шаралары ұйымдастырылады.

Жалпы бүгін мектеп, балабақшалар жұмыс істей бастайды. Білім ошақтары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері балаларды қабылдауға дайын тұр. 

Серіктес жаңалықтары