Алматыда Тоқаев қатысқан форум қаза болған сарбаздардың рухына тағзым етуден басталды (ВИДЕО)

Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде 14 сарбаз қаза тапты

Алматыда Тоқаев қатысқан форум қаза болған сарбаздардың рухына тағзым етуден басталды (ВИДЕО)
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, жиын басталмас бұрын форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

Айта кетейік, Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында ауа райы бұзылып, 17 сарбаз суға кеткен. Өкініштісі, олардың арасында 14 әскери қаза тауып, 3-еуі ғана құтқарылды. Оқиғаға байланысты Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу барысын ерекше бақылауына алды. Қорғаныс министрлігі көп ұзамай қаза тапқан сарбаздардың аты-жөнін жариялады. Қаза болған сарбаздардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың туыстарына көңіл айтты. Қаза болған 14 сарбаздың отбасына ақшалай көмек бергісі келетіндер үшін арнайы шот ашылды