24.09.2026, 14:23
Жаңалықтар
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды
Фото: gov.kz
Бас прокуратура Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметкерлердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның мәліметінше, Ақтау гарнизонындағы әскери қызметшілердің қазасына байланысты жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.
«Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды», – делінген хабарламада.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды