Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)

Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған, зардап шеккендер жоқ

Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Семейде жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама түскен соң, өрт сөндірушілер оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 6 қарашада Қаржаубайұлы көшесінде болған. Жолаушылар автобусы қозғалыс кезінде өртенген.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Өрт сөндірушілер бірден сөндіру жұмыстарына кірісіп, жалынды қысқа уақыт ішінде толықтай ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.