Ауылдағы жанжал атысқа ұласты: Жамбыл облысында екі адам жараланды
Атыс салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылып, күдіктілер ұсталды
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Оқиға салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқ атыс Бурыл ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, ауылдастар арасындағы жанжал ақшаға байланысты туындаған. Болжам бойынша, олардың бірі телефон сатып, алайда ақшасын ала алмаған.
Олардың сөзінше, сатып алушыдан ақшасын талап етуге бірден төрт адам келген. Кейін оларға оқ атылған.
Мәліметке сәйкес, дәрігерлер тексергеннен кейін екі адамды үйіне жіберген, тағы екеуі ауруханаға жатқызылған.
Оқ атқандар ұсталды. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме бергенімен, әзірге толық мәлімет жарияламады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.