Бүгін, 14:13
Жаңалықтар
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
Іс сотта қаралып, сот шешімімен ер адам 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Фото: скриншот
Шымкент қаласында Қошқар ата өзенінің жағалауындағы жаңадан абаттандырылған аллеяда құқық бұзушылық тіркелді. Белгісіз тұлға қоғамдық орындағы қоқыс жәшіктерін өзенге лақтырып, қала мүлкіне зиян келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша жедел іздестіру және тексеру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол – 48 жастағы қала тұрғыны Ильзар Билолов.
Қоғамдық орында мүлікті бүлдіру дерегі бойынша оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотта қаралып, сот шешімімен ер адам 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды