Бүгін, 11:32
Қоғам

Маңғыстауда қаза болған 14 сарбаздың отбасына ақшалай көмек бергісі келетіндер үшін арнайы шот ашылды

Бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге аударған

Маңғыстауда қаза болған 14 сарбаздың отбасына ақшалай көмек бергісі келетіндер үшін арнайы шот ашылды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Маңғыстау облысының әкімдігі Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбаздың отбасына ақшалай көмек жинап, кейін оны әділ әрі ашық түрде таратын бірыңғай оператор белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлағандай, осы 14 сарбаздың отбасына ақшалай көмек бергісі келген азаматтар «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің есепшотына ақша аудара алады. Және осы бірлестік жиналған ақшаны әділ әрі ашық бөлетін бірыңғай оператор болады.

«Маңғыстау облысында әскери міндеттерін орындау кезінде Каспий теңізі акваториясында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету мақсатында бірыңғай оператор ретінде облыс әкімдігі айқындаған ұйым белгіленді. Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсеткісі келетін азаматтардан, бизнес өкілдері мен ұйымдардан көп өтініш түсіп жатыр. Осыған байланысты аталған процесті жүйелеп, көмек көрсетудің бірыңғай ресми тетігін қамтамасыз ету, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында осындай шешім қабылданды», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Бірыңғай оператордың ресми реквизиттері мынадай:

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі

БСН: 090140013447

Банк: «Alatau City Bank» АҚ

БСК: TSESKZKA

ЖСК: KZ03998PTB0000488655

Валюта: KZT