Бүгін, 09:48
Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі сарбаздардың өліміне қатысты үн қатты

Тұңғыш президент орны толмас қайғыға ортақтасқан

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі сарбаздардың өліміне қатысты үн қатты
Фото: Тұңғыш президенттің сайты

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Тұңғыш президенттің ресми сайты хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Тұңғыш Президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты», - деп жазған тұңғыш президенттің ресми сайты.

Айта кетейік, Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында ауа райы бұзылып, 17 сарбаз суға кеткен. Өкініштісі, олардың арасында 12 әскери қаза тауып, 3-еуі ғана құтқарылды. Қазіргі уақытта қалған сарбаздарды іздеу жұмысы жүріп жатыр. Оқиғаға байланысты Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу барысын ерекше бақылауына алды. Қорғаныс министрлігі көп ұзамай қаза тапқан сарбаздардың аты-жөнін жариялады. Қаза болған сарбаздардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды.