Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімі жарияланды
Соңғы ақпаратқа сәйкес, 12 адам қаза болған
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қарулы күштердің жеке құрамы Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің 24 қыркүйек күні оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерінің тізімі:
- аға лейтенант Мұқтарұлы Олжас
- м/к матрос Аяпберген Сержан Талғатұлы
- м/к матрос Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы
- м/к матрос Көбенов Алмас Жүсіпұлы
- м/к матрос Төлеген Ақылбек Қабденұлы
- м/к матрос Темірғалиев Жеңіс Тлеуұлы
- м/к матрос Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы
- м/к матрос Жаңабай Өсет Саматұлы
- м/к матрос Мәдіхан Азамат Болатбекұлы
- м/к матрос Бегей Дастан Нұрболұлы
- м/к матрос Гилаж Ақжайық Болатбекұлы
- м/к матрос Диханбаев Олжас Тәжібайұлы
Еске салайық, бүгін, 24 қыркүйек күні Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 19 сарбазды теңіз алып кеткен. Өкінішке қарай, қазіргі сәтке дейін олардың 12-сі мерт болғаны белгілі. Үш сарбаз жағаға шығып үлгерген, оның біреуі ауруханаға түсті.
Үкімет оқиға орнына вице-премьер Қанат Бозымбаевты жіберді.