«Іздеу операциясы аяқталды»: Каспийде суға кеткен соңғы екі сарбаздың аты-жөні жарияланды
Олар бүгін сағат 09:15 шамасында табылды
Каспий теңізінде суға кеткен сарбаздарды іздеу операциясы аяқталды. Қорғаныс министрлігі соңғы екі сарбаздың аты-жөні жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Каспий теңізінде суға кеткен соңғы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осыған байланысты іздестіру операциясы аяқталды.
«Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлайды. Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмысы барысында із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды. Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты, оның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында ауа райы бұзылып, 17 сарбаз суға кеткен. Өкініштісі, олардың арасында 12 әскери қаза тауып, 3-еуі ғана құтқарылды. Қазіргі уақытта қалған сарбаздарды іздеу жұмысы жүріп жатыр. Оқиғаға байланысты Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу барысын ерекше бақылауына алды. Қорғаныс министрлігі көп ұзамай қаза тапқан сарбаздардың аты-жөнін жариялады. Қаза болған сарбаздардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың туыстарына көңіл айтты. Іздеу жұмысы барысында соңғы екі сарбаздың мәйіті табылғаны хабарланды.