$ 542.8  637.84  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тіс емдеуге» кеткен 200 млрд теңге зейнетақы қорына қайтып түспейді

Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Жеңіс Елемесов мәлім етті

«Тіс емдеуге» кеткен 200 млрд теңге зейнетақы қорына қайтып түспейді
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қылмыстық жолмен алынған 200 млрд теңге қорға қайтып түспейді. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл істе зейнетақы қорындағы ақшасын алған азаматтарға жаза қолданылмайды. Тек қылмыстық топқа қатысты тергеу жүреді. Зейнетақы қорынан алынған 200 млрд теңге қайтарылмайды», - деп хабарлады Жеңіс Елемесов.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Атырауда жалған стоматологиялық қызметтер арқылы азаматтардың зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге ақшасын шешіп берген бес қылмыстық топ тергеліп жатыр. Қаржы мониторинг агенттігі бұл істе 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады. Дегенмен, тергеуде елу адам және 200-ден астам дроппердің ісі де бар екені хабарланған. Ал, тіс емдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшасын алған азаматтар қылмыстық іске тартылмайтын болды. 

Бірнеше күн бұрын Қаржы мониторинг агенттігі Атырау облысында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы «артық» ақшаға «тіс емдеген» бес қылмыстық топтың сол ақшаға алған қымбат мүліктерін көрсеткен еді.

 

Серіктес жаңалықтары