«Қалған байлығын іздеп жатырмыз»: ҚМА зейнетақы жинағына «тіс емдеген» күдіктілердің мүлкін көрсетті (ВИДЕО)
Бұған дейін бес қылмыстық топ БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгені заңсыз шығарған деген күдікке ілінді

Қаржы мониторинг агенттігі Атырау облысында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы «артық» ақшаға «тіс емдеген» бес қылмыстық топтың сол ақшаға алған қымбат мүліктерін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Видеодан байқағынымыздай, ҚМА қызметкерлерін алдымен қолма-қол ақшаны санаған. Кейін күдіктілердің қымбат көліктерін, артынша, элиталы үйлерін видеоға түсірген.
Видео соңында ҚМА олардың қылмыстық жолмен алған өзге мүлігін әлі іздеп жатқанын хабарлады
Естеріңізге сала кетейік, қазір Атырауда жалған стоматологиялық қызметтер арқылы азаматтардың зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге ақшасын шешіп берген бес қылмыстық топ тергеліп жатыр. Қаржы мониторинг агенттігі бұл істе 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады. Дегенмен, тергеуде елу адам және 200-ден астам дроппердің ісі де бар екені хабарланған. Ал, тіс емдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшасын алған азаматтар қылмыстық іске тартылмайтын болды.
Ал күні кеше Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы «артық» ақшасына тіс емдетуге мүлде тыйым салуды ұсынды.