$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Нәзік болып кеткен»: Ант қабылдап тұрған курсанттар аналарын көргенде ағыл-тегіл жылап жіберді (ВИДЕО)

Олардың видеосы қызу талқыға түскен 

«Нәзік болып кеткен»: Ант қабылдап тұрған курсанттар аналарын көргенде ағыл-тегіл жылап жіберді (ВИДЕО)
Фото: скрин

Желіде Ант қабылдау рәсімінде жанарына жас толған болашақ полиция қызметкерлерінің видеосы талқыланып жатыр. Олар Қостанай академиясының бірінші курс курсанттары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрларда жігіттер мен қыздардың ана-анасымен қауышу сәтінде жылап тұрғанын аңғаруға болады. Сапта бой түзеп тұрған жастарды аналары келіп, құшақтап, сүйіп жатыр.

Салтанатты жиынның желіде тараған видеоларына көпшілік пікір білдірген. Көпшілігі Отан қорғайтын ерлердің көз жасына ерік бергенін сынаса, бірі – ол қуаныштың көз жасы деп ақтаған.

«Неге жылайды, өздері таңдаған мамандық қой, қазір балалар жылауық болып кеткен бе», «не деген нәзік, біз оқыған кезде керісінше ата-анамызға мақтанышпен қарап тұратын едік», «жүрегі елжіреп, мамасын көріп», «енді курсанттар Қазақстанның әр жерінен келген ғой, ананың балаға деген сағынышы, күнде көріп жүрмейді баласын», «елдің адал қорғаны болыңдар», - деп жазып жатыр көпшілік.

Серіктес жаңалықтары