$ 541.18  636.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зейнетақы қорындағы ақшасына «тіс емдеткен» қарапайым халық соттала ма

Бүгін ҚМА осы мәселеге қатысты түсініктеме берді

Зейнетақы қорындағы ақшасына «тіс емдеткен» қарапайым халық соттала ма
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қаржы мониторинг агенттігі «БЖЗҚ»-дан заңсыз қаражат шығару схемасына қатысы ақпарат таратқан. Атырауда тек қағаз жүзінде клиника ашып, сол арқылы азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшаны жалған құжаттар арқылы шығарып алған бірнеше топты ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл бес қылмыстық топтан бөлек «клиент» жинаған агенттер (олардың саны әзірге белгісіз - авт) мен ақша аударуға шотын берген 226 дроппер де анықталған.

Қазір бұлардың бәріне қатысты жан-жақты тергеу жүріп жатыр, 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған.

Осы ретте Қаржы мониторинг агенттігі зейнетақы шотындағы ақшасын алған қарапайым халыққа қандай құқықтық мәртебе берілетінін хабарлады.

«Осы тергеу барысында тек зейнетақы активтерін заңсыз шығару схемасын ұйымдастырғандардың ғана әрекетіне құқықтық баға беріледі. Өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды», - деп хабарлайды ҚМА.

Серіктес жаңалықтары