08.01.2024, 11:12
Оқиғалар
Оралда жарылыс болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды
Кафедегі жарылыстан үш адам қайтыс болды
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Оралда жарылыс пен өрт болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдіктіге екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеуді басталды. Кәсіпкер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел тергеу тобы қажетті сараптамаларды тағайындады.
Айта кетейік, төрт күн бұрын Ризық дәмханасында газ қоспасы жарылып, екі қабатты ғимарат өртенген еді. Үш адам қаза тауып, 6 адам жараланды. Ауруханада жатқан 5 адамның жағдайы әлі ауыр. Қаза тапқан 19 жастағы бойжеткен мен 20 және 32 жастағы екі азаматтың денесі жер қойнына тапсырылды.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды