08.01.2024, 11:32
Оқиғалар
Көлікке байланған капотпен сырғанаған: БҚО-да 17 жастағы қыз қаза тапты
Марқұмның жергілікті колледжде оқығаны белгілі болды
Фото: polisia.kz
Оралда студент автокөлікке байланған капотпен сырғанаған студент қыз қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 5 қаңтарда сағат 23:41-де болған.
«Қыз бала достарымен бірге ескі көліктің капотын шана ретінде пайдалану үшін автокөлікке тіркеп сырғанаған. Алайда капот газ бағанасына соғылған. Қатты соққы алған қыз бала ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта қағйлы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ал марқұмның жергілікті колледжде оқығаны белгілі болды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
