08.01.2024, 09:50
Оқиғалар
БҚО-да қайғылы жол апатынан үш адам опат болды
Жол апатынан зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жеткізілді
Коллаж: Azattyq Ruhy
Орал – Атырау тасжолында болған апаттан үш адам қаза тауып, 8 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мой город» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 7 қаңтарда сағат 13:30 шамасында Орал – Атырау тасжолында болған.
«Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының маңында Chevrolet Nexia мен Toyota Ipsum көліктері соқтығысып, соның салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы қаза тапты. Жол апатынан зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жеткізілді», - делінген БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді