$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2023, 15:24
Оқиғалар

Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы туралы айтылды

50 жастағы науқас 24 желтоқсанда реанимациядан политравматология бөліміне ауысты

Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы туралы айтылды
Фото: Azattyq Ruhy

Алматыда жан түршіктірер жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы дәрігерлер пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агентті Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің жағдайы туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәлім етті.

Ведомствоның 25 желтоқсандағы мәлімдемесіне сай, зардап шеккен үш адам ем қабылдап жатыр. Осылайша, 50 жастағы науқас 24 желтоқсанда реанимациядан политравматология бөліміне ауысты.

Оның жағдайы оң динамикамен ауыр деп бағаланды. Науқастың сынған сүйегі  көп.

«36 жастағы автобус жүргізушісі нейрохирургия бөлімінде емделіп жатыр. Оған бас-ми жарақаты, мидың жеңіл контузиясы диагнозы қойылды. Беттің жұмсақ тіндерінің контузиясы тағы бар. Жағдайы тұрақты. Консервативті ем қабылдап жатыр», - делінген хабарламада.

55 жастағы ер адамға да бас-ми жарақаты диагнозы қойылды: бас миының жеңіл контузиясы. Нейрохирургия бөлімінде желке аймағының жұмсақ тіндерінің, бастың жұмсақ тіндерінің көгерген жарасы және мойынның байлам аппаратының созылуына байланысты емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты.

«Барлық науқас толық көлемде қажет медицина көмегін алып жатыр», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінен.

Есуе салайық, Алматыда үш адам қайтыс болған жантүршігерлік оқиға 22 желтоқсан күні кешкісін болды. Кейін жолаушы жүргізуші әйелді ұрғаны, содан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалғаны белгілі болды. Соның салдарынан автобус адамдарды қағып, үш адам қаз тапқан болатын. Бүгін сот санкциясымен автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам екі айға қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары