$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2023, 15:49
Оқиғалар

Биыл Жетісу облысында 342 мас жүргізуші жауапқа тартылды

Оның 34-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Биыл Жетісу облысында 342 мас жүргізуші жауапқа тартылды

Биыл Жетісу облысында 342 мас жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агентті Polisia.kz-ке сілтеме жасап.    

Осы жылы Жетісу автожолдарында 342 көлік жүргізуші көлікті мас күйде басқарған. Оның 34-і аталған құқықбұзушылыққа қайта жол беріп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

«Соңғы дерек Текелі қаласында тіркелді, онда патрульдік полиция қызметкері ВАЗ-21053 көлікті тоқтатып мас күйінде басқарған 35 жастағы қала маңындағы ауыл тұрғынын ұстады. Ұсталған адамның көлігі арнайы автотұраққа қойылды, жүргізуші қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Деректер базасын тексеру кезінде ер адам 2021 жылдың сәуір айында мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылғаны анықталды.

 ҚР ҚК-нің 346-бабына сәйкес (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қазір ұсталған адамға ірі айыппұл, қоғамдық жұмыстар, 5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
 

Серіктес жаңалықтары