Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Елордада түнгі температура -7 градусқа дейін төмендесе, Алматыда жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді

Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болып, тұман түседі. Ал Астанада жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, түнде ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астана

11 қарашада елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Ауа температурасы түнде -5–-7, күндіз -1…+1 градус.

12 қарашада да көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -4–-6, күндіз -1…+1 градус болады.

13 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы -2–-4, күндіз 0…+2 градусқа дейін көтеріледі.

Алматы

11 қарашада оңтүстік астанада күн бұлтты болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, кей уақытта оның қатты болуы мүмкін. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 3–8 метрге жетеді. Кей уақытта жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градус болады. Күндіз температура одан әрі төмендейді.

12 қарашада көшпелі бұлт шығады. Түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, тұман болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы 0…+2, күндіз +5…+7 градусқа дейін көтеріледі.

13 қарашада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы -1–-3, күндіз +5…+7 градус болады.

Шымкент

11 қарашада Шымкентте күн бұлтты болады. Кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, тұман басады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетіп, екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7 градус болады. Күндіз температура одан әрі төмендейді.

12 қарашада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде ауа температурасы -1–-3, күндіз +7…+9 градусқа дейін көтеріледі.

13 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде ауа температурасы -1–-3, күндіз +5…+7 градус шамасында болады.