Мемлекет басшысы Ердоғанға көңіл айтты

Измирдегі металлургия зауытындағы жарылыстан кемінде 17 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған

Мемлекет басшысы Ердоғанға көңіл айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Измир провинциясындағы металлургия зауытында болған жарылысқа байланысты Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Президент  бауырлас Түркия халқына ортақ қайғыға байланысты қолдау білдіріп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, 9 қарашада Түркияның Измир провинциясы Алиага ауданындағы Habaş металлургия зауытында жарылыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, кемінде 17 адам қаза тауып, тағы 13 адам жарақат алған.