25.12.2023, 17:21
Оқиғалар
Самара-Шымкент тасжолында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қайтыс болды
Тағы бір адам жарақат алған
Фото: freepik.com
Самара-Шымкент тасжолында болған жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Бүгін, 25 желтоқсан сағат 11:00 шамасында М-32 «РФ шекарасы-Шымкент» автожолының 987 шақырымында жол көлік оқиғасы болған.
Ақтөбе облысының Ырғыз елдімекенінен Қарабұтақ ауылына келе жатқан Volvo ауыр жүк көлігі басып басып озу кезінде қарама-қарсы бағытқа шығып, Merсedes жүк көлігімен соқтығысты.
Салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі жарақат алған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 16:42
«Үйімізге 22 жыл бұрын күннің нұры келіп еді»: марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы 11 қарашаны қарындасын еске алу күні деп бекітпек
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды