$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы автобус апаты: желіде жолаушының жүргізуші әйелді ұрған видеосы пайда болды

Бір топ адамның өліміне себепкер болған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы автобус апаты: желіде жолаушының жүргізуші әйелді ұрған видеосы пайда болды
Фото: aikyn.kz

Алматыдағы жантүршігерлік жағдайдың қалай болғанының видеосы желіде тарады. Бейнежазбадан ер адамның жүргізуші әйелді соққыға жыққанын анық көруге болады. Қатты соққыдан кейін әйел бір сәтке есінен танып, көлікті басқара алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске сала кетейік, 22 желтоқсан күні Алматыда жол жиегінде тұрған адамдарды автобус қағып, 3 адам мерт болды. 4 адам ауруханаға түсті. Зардап шеккен 50 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Бұл жөнінде қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдері мәлімдеді.

Тағы бір 55 жастағы ер адам бас-ми жарақатымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды. 36 жастағы автобус жүргізушісі де сол бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Ал 15 жастағы жеткіншек амбулаториялық ем қабылдауда. Тізесіне зақым келген, аяғына гипс салынды.

Бір топ адамның өліміне себепкер болған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары