Астанада тұман түсіп, көктайғақ болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Ал Шымкентте жаңбыр жауып, ауа температурасы +22 градусқа дейін көтеріледі
Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елордада тұман түсіп, көктайғақ күтілсе, Алматыда жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Ал Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана
21 қараша: Аспанды бұлт торлап, жауын-шашын болмайды. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6 градус, күндіз +4+6 градус болады.
22 қараша: Аспанды бұлт торлайды, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 0,-2 градус, күндіз +4+6 градусқа дейін көтеріледі.
23 қараша: Аспанды бұлт торлайды. Түнде жаңбыр мен қар жауып, күндіз жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0,+2 градус, күндіз +3+5 градус болады.
Алматы
21 қараша: Аспанды бұлт торлайды, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде +4+6 градус, күндіз +14+16 градусқа дейін көтеріледі.
22-23 қараша: Аспанды бұлт торлайды, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде +5+7 градус, күндіз +15+17 градус шамасында болады.
Шымкент
21 қараша: Аспанды бұлт торлап, күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9+11 градус, күндіз +18+20 градус болады.
22 қараша: Аспанды бұлт торлайды, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Ауа температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +18+20 градусқа дейін көтеріледі.
23 қараша: Аспанды бұлт торлап, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Ауа температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +20+22 градусқа дейін жетеді.
