$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: aikyn.kz

Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккендердің, оның ішінде жүргізушінің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы  Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, зардап шеккен 50 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның денесінің көп бөлігі сынған. Қазір жағдайы ауыр.

Тағы бір зардап шеккен 55 жастағы ер адам бас миының жарақаты деген диагнозбен
нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Автобус жүргізушісі, 36 жастағы әйел де нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Жол апаты кезінде зардап шеккен баланы хирург, травматолог, нейрохирург құрамында № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының көпсалалы бригадасы қарады, нәтижесінде сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылды. Гипс салынып, амбулаториялық емделуге жіберілді.

Бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Алматы полиция департаменті мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарнан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары