$ 514.5  582.67  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы автобус апаты: жүргізушіні ұрған ер адам екі айға қамалды

Жантүршігерлік жол апаты 22 желтоқсан күні болды

Алматыдағы автобус апаты: жүргізушіні ұрған ер адам екі айға қамалды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда сот автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамды қамауға алды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, күдікті А.-ны 2 ай мерзімге қамауға алу санкцияланды.

Еске салайық, Алматыда автобус бір топ адамды қаққан еді. Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.

Автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Серіктес жаңалықтары