$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2023, 23:05
Қоғам

«Қызым жалғызбасты ана»: Алматыда адамдарды қаққан автобус жүргізушісінің әкесі сұхбат берді

Ол автобустың ішіндегі бейнежазбаны көргенін айтты

«Қызым жалғызбасты ана»: Алматыда адамдарды қаққан автобус жүргізушісінің әкесі сұхбат берді
Видеодан алынған кадр

Алматыда адамдарды қағып кеткен автобусты тізгіндеген әйел жүргізушінің әкесі журналиспен әңгімелесу барысында апаттың егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ер кісінің айтуынша, қызы екі баласын бір өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана, 10 жыл бойы автобус пен троллейбус жүргізіп келеді.

«Жолаушы қызымды ұрды, ол есінен танып қалды, мен бейнежазбаны көрдім. Ол солай көлікті басқара алмай қалды, қазір ауруханада жатыр. Әзірге оның қандай жарақат алғанын білмеймін, ауруханаға кіргізбеді», - деді ер адам.

Дереккөздердің хабарлауынша, автобус жүргізушісі жабық ми жарақаты және мидың шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Еске сала кетейік, Алматыда қоғамдық көлікте жолаушы жүргізуші әйелді ұрып, есінен тандырған. Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.

Серіктес жаңалықтары