$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.12.2023, 12:59
Қоғам

Павлодарда жалған сертификат дайындайтын жасырын цех анықталды

Тексеру барысында цех ішінен 1200 дайын сертификат табылды

Павлодарда жалған сертификат дайындайтын жасырын цех анықталды
Фото: astanatv.kz

Павлодарда жалған сертификат дайындайтын жасырын цех анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлердің біліктілігін арттырдық деп куәлік беріп отырған. Тексеру барысында цех ішінен 1200 дайын сертификат табылды. Осы іске қатысты медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы мен тағы 3 қызметкер ұсталды.

«Анығында цех Семей қаласында болған. Күдікке ілінген павлодарлық азаматтар сонда барып, принтер және сканер арқылы құжат дайындаған. Осылайша дәрігерлерге біліктілігін көтеру үшін жоғары оқу орнында курстан өтті деген куәлік беріп отырған. 4 қызметкердің ісі дәлелденіп, сотқа жіберілді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Медет Әмірәлинов.

Серіктес жаңалықтары