БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті

Ол ірі көлемде айыппұл төлейтін болды

БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

БҚО-да ер адам далада жайылып жүрген киікті заңсыз атып алғаны үшін сотталып кетті. Ол сол сияқты мемлекетке ірі көлемде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адамның тиісті құжаттарсыз киік атып алғанын «Охотзоопром» инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп анықтап, үстінен қылмыстық іс қозғады. Сотта ер адамның кінәсі анықталып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бірақ қанша жыл бергені нақты жарияланған жоқ.

Бұған қоса экологияға келтірген зияны үшін 1 621 875 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сот шешіміне сәйкес, ол бұл айыппұлды бір ай ішінде өз еркімен төлеуі қажет. Кері жағдайда өндіріп алу шаралары мәжбүрлі түрде орындалады.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.