Шұғыл: Тоқаев Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге көтерді

Қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңге

Шұғыл: Тоқаев Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге көтерді
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы ең төменгі жалақының мөлшерін Жаңа жылдан бастап 110 мың теңгеге көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңге.

«Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді», - деді Тоқаев.