27.10.2026, 13:05
AR trend

АҚШ-та оқып жүрген студент достарына ет асып, қазыдан дәм татқызды (ВИДЕО)

Қазақстандық студент әлеуметтік желіде арнайы видео жариялады

АҚШ-та оқып жүрген студент достарына ет асып, қазыдан дәм татқызды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

АҚШ-тың Алаба штатындағы Auburn University-де білім алып жүрген қазақстандық студент достарына қазақтың етін асып, қазыдан дәм татқызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол достарының қазының дәмін алғаш көргеннен кейінгі әсерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Шетелдік студенттер қазақтың асылған етінің дәмді екенін ерекше әсерде жеткізді.

«Әлемнің әр елінен келген достарымның басын қосып, ет асып бердім. Артық сөздің қажеті жоқ шығар, небәрі 6 минутта бәрін тауысты», – дейді жас жігіт.

Оның бұл видеосына желі қолданушылары әзіл-шыны аралас түрлі пікір білдірді.

«Олар бұл астың тәуелділікке апаратынын біле ме екен?!», «Жандарым Қазағымның болашақтары аман болыңдар!», «Олар ненің етін жегенін біле ме екен?», «Бұл сендерге пицца, хот-дог, бургер емес», «Енді достарыңыз етке жатып алып, сізден үнемі сұрайтын болады», – деп жазды желі қолданушылары.