Бүгін, 17:02
Жаңалықтар
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
Жолда қауіпті маневрлер жасаған Toyota және Honda маркалы автокөліктерінің жүргізушілері бірден тәртіп сақшыларының назарына іліккен
Фото: скриншот
Жезқазған қаласының полиция қызметкерлері Сейфуллин көшесі бойында көлік жарысын ұйымдастырған екі жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жолда қауіпті маневрлер жасаған Toyota және Honda маркалы автокөліктерінің жүргізушілері бірден тәртіп сақшыларының назарына ілікті.
Мән-жайды анықтау және тексеру барысында екі жүргізушінің де рөлге мас болып отырғаны сараптама арқылы расталды.
Сейфуллин көшесінде жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзып, өзге көліктерге қауіп төндіре отырып жарысқан. Ішімдік ішіп, көлік басқарған азаматтарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 09:32
Ел дамуына үлес қосу – әр азаматтың парызы: жастар орталығының директоры ұлттық мерекенің маңызы туралы айтты
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды