Бүгін, 13:01
Қоғам

Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)

Зарема Хамидуллина Атырау облысындағы ең резонансты істерді қараған

Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Былтыр қарашада Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған екі жігітті, ал биыл әйелінің әке-шешесі мен екі бауырын аяусыз өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойына соттаған Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина мемлекеттік марапат алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Республика күнінің қарсаңында Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов аймақтың дамуына үлес қосқан азаматтарға президенттің атынан мемлекеттік марапаттар табыстаған болатын. Наградталған адамдардың арасында Қазақстандағы ең резонансты істер арқылы танылған судья Зарема Хамидуллина да бар.

Зарема Хамидуллина Атырау облысын ғана емес, бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген аса ауыр қылмыстарды қараған судья. Соның ішінде ол 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірген екі жігітті, бұрынғы әйелінің әке-шешесі мен бауырларын өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойына соттаған.

Өзінің алғашқы сұхбатында ол Атырау облысында бұрын да тіркелген ауыр әрі жұмбақ өлімдердің беті қалай ашылғанын айтып берген еді.

Айта кетейік, судьядан бөлек Республика күніне орай Атырау облысының еңбек ардагерлері, өнеркәсіп, энергетика, мұнай-газ саласы, көлік, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері де төсбелгі тағынды.