Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Жетісу облысында аяз −11 градусқа дейін күшейіп, Алакөл маңында желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін
Синоптиктер 26 қазанға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің 16 облысында қолайсыз ауа райы құбылыстары болатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Алматыда түнде ауа температурасы −2…−4 градусқа дейін төмендейді. Өрт қаупі жоғары. Іле Алатауының таулы аймақтарында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде желдің екпіні секундына 17–22 метрге жетуі мүмкін.
Алматы облысында шығыс пен таулы аудандарда желдің екпіні секундына 17–22 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы −2…−7 градусқа дейін төмендейді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта түнде −2…−4 градус аяз болады. Мұнда да өрт қаупі жоғары.
Шымкентте желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде топырақ бетінде −2 градусқа дейін аяз күтіледі. Қалада жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысында күндіз солтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін. Батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен батысында ауа температурасы −1…−3 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік, батыс, орталық және тау бөктеріндегі аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетіп, түнде −1…−3 градус аяз болады.
Атырау облысында күндіз батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыста желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да өрт қаупі өте жоғары.
Маңғыстау облысында күндіз оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Облыста жоғары өрт қаупі, ал орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік және шығыс аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің екпіні секундына 15–20 метрге, түнде 25 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы −3…−8 градусқа дейін төмендейді. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде −6…−8 градус аяз болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 15–20 метрге, кейде 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы −2…−7 градусқа дейін төмендеп, облыс орталығында −11 градусқа жетуі мүмкін. Шығысында төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде −9…−11 градус аяз болады.
Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталса, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі болжанады.
Қызылорда облысында күндіз орталық, оңтүстік және солтүстік аудандарда шаңды дауыл соғуы мүмкін. Бұл аумақтарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде солтүстігі мен орталығында −3 градусқа дейін аяз күтіледі. Облыста төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл соғып, желдің екпіні секундына 15 метрге жетуі мүмкін. Түнде −1…−3 градус аяз болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Абай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батысы мен орталығында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Павлодар қаласында да тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі болжанады. Жезқазғанда да өрт қаупі өте жоғары.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.