Тұман, шаңды дауыл, үсік: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» бірқатар өңірде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті
Синоптиктер Алматы мен Қазақстанның 15 облысында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті. Сондай-ақ 25 қазанға дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Алматыда түнде -2...-4 градус үсік жүреді. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында түнде жел екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде, соның ішінде таулы аудандарда жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Түнде облыс бойынша -1...-6 градус үсік күтіледі. Қонаевта күндіз жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетіп, түнде -2...-4 градус үсік жүреді.
Абай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың кей жерлерінде, соның ішінде таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде облыс бойынша -3...-8 градус үсік жүреді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде -5...-7 градус үсік күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың кей жерлерінде, соның ішінде таулы аудандарда жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алакөл көлдері маңында жел екпіні кей уақытта секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде -5...-10 градус үсік жүреді. Кей жерлерде төтенше, ал жекелеген аумақтарда жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде -8...-10 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде -3 градус үсік жүреді. Облыста төтенше, ал кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста жоғары, ал кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.