Мақпал Исабекованың спортзалдағы видеосы желіде қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)
Әншінің жаттықтырушымен бірге түсірген әзіл видеосы оқырмандарын күлдіріп, оның сымбатты келбеті мен жас көрінетінін атап өткен пікірлер көбейді
Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова Instagram парақшасында жаңа видео жариялады. Жаттықтырушы Рүстем Алмағамбетовпен бірге түсірілген әзілге толы ролик 42 жастағы өнер иесінің оқырмандарына көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода әнші мен жаттықтырушы TikTok желісінде танымал болған аудиожазбаға негізделген көріністі ойнаған. Спортзалға ұзақ үзілістен кейін қайта келген Мақпал жаттықтырушысына: «Сәлем, баратын басқа жерім қалмады», – дейді. Ал Рүстем оған қысқа ғана: «Кіре бер», – деп жауап береді.
Осыдан кейін көңілді күйдегі әнші жаттықтырушының соңынан секіріп еріп, жаттығуға кіріседі.
Жарияланым көп ұзамай желі қолданушыларының назарын аударды. Оқырмандар әнші мен жаттықтырушының актерлік шеберлігін атап өтіп, екеуінің рөлді сәтті сомдағанын жазды. Кейбірі видеодағы жағдайдан өзін танығанын да жасырмады.
Сонымен қатар желі қолданушылары Мақпал Исабекованың сымбатты келбеті мен сұлулығына комплимент айтып, оның жас көрінетінін атап өтті.