Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Ол үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды
Бүгін Қазақстанның үстел теннисі федерациясы кезектен тыс конференция өткізіп, жаңа президентін сайлаған. Бұл лауазым Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке бұйырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінен хабарлап отыр. Дереккөзге сүйенсек, Қасымбек бұл лауазымға аса жауапты кезде сайланған.
«Федерацияның кезектен тыс конференциясында өткен сайлау нәтижесінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ұйым басшысы қызметінде Данияр Әбілғазинді алмастырды. Айта кетейік, Жеңіс Қасымбек федерацияны 2027 жылы өтетін үстел теннисінен әлем чемпионаты қарсаңында басқаруға кірісті», - деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
Комитет жаңа президент федерацияның бұған дейін қолға алған бастамаларын жалғастырады дейді. Яғни, федерацияның негізгі жұмысы Қазақстандағы үстел теннисін одан әрі дамыту, спортшылардың сапалы даярлығына қажетті жағдай жасау және Қазақстанның халықаралық спорт қауымдастығындағы беделін нығайту болмақ.