Шұғыл: Тоқаев Қазақстандағы шағын кәсіпкерлерді тексеруге тағы да мораторий жариялауды ұсынды

Ол Құрылтай депутаттары мен үкіметке осы туралы ойлануды тапсырды

Шұғыл: Тоқаев Қазақстандағы шағын кәсіпкерлерді тексеруге тағы да мораторий жариялауды ұсынды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы шағын кәсіпкерлерді тексеруге тағы да мораторий жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ретте президент бұның алдындағы мораторийдің тиімді болғанын атап өтті.

«Бизнес белсенділігін талдау көрсеткендей, кәсіпкерлікке кедергі жасамаудың өзі жеткілікті. Бұл тұрғыда 2020–2023 жылдары микро және шағын бизнесті тексеруге енгізілген мораторий тәжірибесі өте пайдалы. Бұл шара өзінің тиімділігін дәлелдеді. Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесе отырып, бұрынғы мораторийдің барлық оң және теріс тұстарын ескере келе, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кезекті үш жылдық мораторий енгізудің қаншалықты дұрыс болатынын талқылауды ұсынамын», - деді Тоқаев.