17.07.2024, 13:30
Қоғам
ШҚО бас экологы пара алу сәтінде ұсталды
Ол 180 млн теңге пара алуды көздеген
Фото: Instagram/shqoecodep
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаевты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде оның келісілген 180 миллион теңгенің 10 миллион теңгесін алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Антикор қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушының уақытша қамауға алынғанын растайды», - деп хабарлады ведомство.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
