Баян-Өлгей қазақтары Қазақстанның бас мүфтиін сән-салтанатымен қарсы алды
Кездесуге келген ақсақалдар тақиясын, әжелер ақ кимешегін киіп келген
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлағандай, Қазақстанның бас мүфтиін ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті әкімшілік басшылары күтіп алған.
«Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек Хадысұлы Бас мүфти бастаған делегация мүшелеріне оң сапар тіледі. Сонымен қатар бұл сапар екі елдің рухани байланысына серпін беріп, жергілікті қандастарға жігер сыйлайтынын ерекше атап өтті. Бас мүфти қандастардың ақжарма тілегіне ризашылығын білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Баян-Өлгей аймағының имамдарын жан-жақты қолдау іс-шараларын ұдайы жалғастыра беретінін атап өтті», - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.
Бас мүфти сапар аясында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен, имамдармен, аймақ басшысымен кездеседі.
Айта кетейік, Баян-Өлгей - Моңғолия қазақтарының мекені.