$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2024, 10:35
Қоғам

Өз-өзіне қол салған Бақыт Ибрагимнің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Ол Qazaq Banki бұрынғы бас акционері еді 

Өз-өзіне қол салған Бақыт Ибрагимнің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Шымкент қаласының прокуратурасы жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік және акцияларды мемлекетке қайтарды. Сонымен қатар азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызы қанағаттандырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңгені құрайтын көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді», - деп хабарлады прокуратура.

Еске салайық, Бақыт Ибраһим 14 наурызда өз-өзіне қол жұмсады. Ол - Бақытжан Сағынтаевтың экс күйеу баласы. 2020 жылдың қарашасында кәсіпкер Бақыт Ибрагим 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған еді.

Серіктес жаңалықтары