Қарағанды облысындағы колонияда караоке ашылды
Қарағанды облысындағы жазасын өтеушілер әншілікке бет бұра бастады
Колониялардың бірінде сотталғандарға караоке клубы ашылыпты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Түр сипаты мен декорация жағынынан бостандықта жүргендер баратын жерден айырмашылығы бар.
Дегенмен атмосферасы жайлы. Онда келгендер кәдімгідей жеңілденіп, жамандық атаулыдан ада боламыз дейді. Бұрнағы жылдары сотталғандар тек мерекелік күндері сапқа тұрып, жүріп келе жатып ән айтатын. Қазір олардың әрқайсысының даусы кароке клубтан шырқалып шығып жатыр. Репартуарларында түрмелік романтикадан бөлек, хит болған және мағынасы терең әндер бар.
Кароеке клуб – заманауи құрылғылары бар, тәтті тағам мен ішімдіктің түр түрі тізілген шулы орын. Бірақ ол бостандықта жүргендер үшін. Темір тордың арғы жағындағы жағдай басқаша. Дегенмен теледидар мен микрофон ғана, мұндағылардың өзін жұлдыз сезінуіне мүмкіндік береді.
Асылбек Досмағанбетов осыдан 10 жыл бұрын Астананың мейрамханалары мен түнгі клубтарында ән шырқап жүрген екен. Ол караоке клубтың табалдырығын аттағандардың алғашқысы. Екі аптаның шінде колониядағыларды аузына қаратып үлгерген. Түрмеде өткізген ұзақ жылдар оның музыкалық талғамын өзгерткен. Қазір 32 жастағы жігіт терең мағыналы әндерге ден қоя бастапты.
«Кейбір ән бар, терең ойға түсіріп жібереді. Кәдімгідей көзге жас келіп, қобалжып қаласың, кәдімгідей. Сондай өлеңдерді айтқанда басқаша болып кетеді, мысалы, ағайынтуыс, бауыр, ата-ана. Өмірде бар асылдар ғой. Кәдімгідей мойныңнан ауыр жүк түскендей болады. Шамалы тынығып қаласың», - дейдә жазасын өтеуші Асылбек Досмағанбетов.
Ескі магнитофон, экран мен түрме қызметкерлері өзі тауып әкелген микрофон мұндағыларды ғажайып күйге түсіріп жатыр. Сотталушылар бұл бөлмеде бәрін ұмытады екен. Мамандар соталғандардың әрқайсысының психологиялық жарақаты бар дейді.
«Караоке терапиясын өткізуде балдақпен жүретін сотталған басында ән айтпаймын деп отырған, аяқалғаннан кейін ән айтам деп, балдақты ары қарай қойып, өзі билеп тұрып ән салды. Әрбір сотталған өзінің сезімін айтады. Қандай күйде келіп, қандай күйде кетіп бара жатқанын айтады», - дейді мекеменің тәрбие бөлімінің басшысы Алтынгүл Сыздықова.
Клубтан шыққандар ертеңіне өзімен басқаларын да ертіп келеді дейді мамандар. Сонымен қатар мұнда құм терапиясы, виртуалды әлем көзілдірігі қолданылып, түрлі тренинг өтеді. Сотталғанадар мафия ойынын да жақсы көреді екен.