$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2023, 23:35
Қоғам

Жамбыл тұрғыны ауласында алтын өңдейтін цех ашып алған

Жамбылда 54 жастағы азамат үйінде отырып кен өндіріп келген

Жамбыл тұрғыны ауласында алтын өңдейтін цех ашып алған
Фото. Полиция департаменті

Мойынқұм ауданының тұрғынын тінту кезінде сарайынан 1 тоннаға тарта әр түрлі тастар табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ауыл азаматы құрамында  бағалы металдар бар шикізаттың біраз бөлігін қапшықтарға салып қойыпты. Тіпті көлеңкелі кәсібін кеңейту үшін түрлі техника сатып алған. Онда қолдан жасалған 3 бірдей тас уатқыш тәркіленді. Қазір заңсыз қазба жұмысымен айланысқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, оның 7 млн теңгеге жуық айыппұл төлеп, жазадан құтылып кету мүмкіндігі бар.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 295 бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі қажетті барлық сот сараптама тағайындалды», - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінің хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Серіктес жаңалықтары