Қазақстандық жоғары оқу орындары әлемдік рейтингтерде көш соңында
Елімізде 125 жоғары оқу орны жұмыс істейді
Биыл жыл басындағы есеп бойынша елде 125 жоғары оқу орны тіркелген. Онда 38,5 мың оқытушы жұмыс істейді, 604,3 мың студент оқиды. Айта кетерлігі, студенттер саны бір жылда 11,4% - ға, педагогикалық құрам – тек 0,5% - ға өсті, деп хабарлайды Finprom.kz.
Жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемі жыл ішінде 7,1% - ға, өткен жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша 68,8 млрд теңгеге дейін өсті. Олардың үштен екісі Алматыға (39,8%) және Нұр-Cұлтанға (25,4%) келді.
2016-2019 жж. жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің үлесі 4% - ға дейін өсті. Қазақстандық жоғары оқу орындары алғаш рет Times Higher Education рейтингтік басылымына енді.
«Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін және олардың ұстанымдарын әлемдік деңгейде, сондай-ақ өңірлік деңгейде күшейту үшін жоғары оқу орындарының «халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті», «ұлттық деңгейде бәсекеге қабілетті» және «өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті» топтарын қалыптастыру үшін өлшемдер пысықталатын болады. Сондай-ақ, өңірлік білім беру хабын құру және үздік жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттерді тарту бойынша жұмыстар жалғасады», - делінген портал хабарламасында.
Дегенмен, осы кезеңде қазақстандық жоғары оқу орындары шын мәнінде жоғары рейтингтермен және әлемдегі, Еуропа мен Азиядағы мықты позициялармен ерекшеленбейді.
Мысалы, Quacquarelli Symonds World University Rankings жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингісінде әлемнің түкпір - түкпірінен мыңдаған оқу орны кірген, барлық қазақстандық жоғары оқу орындарының ішіндегі ең үздік көрсеткіш Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі болды. Оның өзі америкалық Дартмут колледжі мен австралиялық Ньюкасла университетімен 207-ші орынды ғана бөлісті. Бұл рейтингте бірінші ондықта АҚШ, Ұлыбритания және Швейцария ЖОО тұр.
Тіпті, Еуропа мен Орталық Азияның дамушы елдерінің жоғары оқу орындары рейтингісінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек 18-ші орынды иеленіп, Литва Вильнюс университетімен бөлісті. Бұл рейтингте үздік көрсеткіштер - Ресей, Эстония, Чехия және Польша оқу орындарында.