$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2020, 10:37
Қоғам

10 жылдан кейін адамзаттың өмір сүру ұзақтығы 90 жасқа жетеді

Ғалымдар 2030 жылы туған адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығын болжады

10 жылдан кейін адамзаттың өмір сүру ұзақтығы 90 жасқа жетеді

Өлім мен ұзақ өмір сүру туралы көп жылдық деректерге сүйене отырып, Лондонның империялық колледжі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары әлемнің 35 елінен келген адамдар үшін орташа өмір сүру ұзақтығын болжады. Зерттеу 2030 жылы туған адамдарды қамтыды, деп хабарлайды Total.kz.

Зерттеу көрсеткендей жер бетінің тұрғындары қазіргіден ұзағырақ өмір сүретін болады. Мамандар ең ұзақ жасайтын адамдар 2030 жылы туған Оңтүстік Кореяның тұрғындары деп отыр. Болжам бойынша, олар орта есеппен 90,8 жыл өмір сүретін болады.

Ғылыми жұмыс үшін 35 ел таңдалды, себебі олардағы өлім-жітім туралы 30 жыл ішінде нақты статистика бар. Ақпарат табысы жоғары елдер – АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Австралия, сондай-ақ экономикасы дамушы елдер Польша, Мексика, Чехия туралы деректерді қамтыды.

«Орташа өмір сүру ұзақтығының артуы барлық елдерде, бірақ әр түрлі қарқынмен болады. Мысалы, 2030 жылы Оңтүстік Кореяда туған әйелдер қартайғанға дейін өмір сүре алады: болжамдарға сәйкес, олар үшін орташа өмір сүру ұзақтығы 90 жылдан асады. Ал, Оңтүстік Кореяда 2030 жылы туылған ер адамдар 84-85 жылға жуық жасайды», - делінген болжамда.

13 жылдан кейін Австралия мен Швейцарияда дүниеге келген ерлер 84 жасқа дейін өмір сүреді, ғалымдар Канада мен Нидерланд тұрғындары 83,9 және 83,7 жыл жасайды деп отыр.

«Сарапшылардың пікірінше, француз әйелдерінің өмір сүру ұзақтығы болашақта 88,6 жылға жетеді. Жапония әйелдері 88,4 жас, содан соң испандықтар — 88,1 жыл, ал Швейцариядағы нәзік жандылар - 87,7 жыл ғұмыр кешеді», - делінген зерттеуде.

Серіктес жаңалықтары