$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2025, 09:36
Қоғам

Жамбылда жұмыс таба алмай жүрген мұғалім директордың алдына тұз сеуіп, дуалап алмақшы болған

Бірақ, ол 27 мың теңге айыппұл төлейтін

Жамбылда жұмыс таба алмай жүрген мұғалім директордың алдына тұз сеуіп, дуалап алмақшы болған
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысы Жуалы ауданының соты бұрын-соңды болмаған істі қарады: жұмыс таба алмаған мұғалім мектептің дәлізі мен директордың кабинетінің алдына тұз сеуіп кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Сот материалдарына сенсек, әйелге қатысты әкімшілік іс «қоғамдық орынды ластаған» деген баппен қозғалған.

«Сотқа түсініктеме берген әйел мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келгенін, бірақ жұмысқа ораналаса алмағанын айтып, директордың кабинетінің алдына тұз сепсе, жұмысқа тұрып кеткісі келгенін айтқан. Сот отырысында ол ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындап және соттан қатаң жазаламауды сұраған», - деп хабарлайды Жамбыл соттары.

Негізі, бұл баппен айыпталған адамдар не 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

«Сот айыппұл мөлшерін 30%-ға қысқартып, әйелге 27 мың теңге айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары