$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2025, 17:31
Қоғам

Күдікті – алпыстағы адам: Ақтөбеде зорлық көрген оқушы қыз мектепте босанып қала жаздаған  (ВИДЕО)

Бұған дейін үш рет медициналық тексеруден өтсе де дәрігерлер аяғы ауыр екенін байқамаған

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тоғызыншы сыныпта оқитын қыз бала мектепте босанып қала жаздаған. Оны зорлады деген күдікпен алпыстағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Болат Көшқалиев күдіктінің қолға түскенін растады.

«Полиция осы іске қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті адам анықталып, қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайын анықтаймыз», - дейді Көшқалиев.

Оқушы қыздың босанғанын растап, түсініктеме таратты.

«Ол Ойыл орта мектебінің тоғызыншы сыныбында оқиды. Толық емес отбасында тәрбиеленген. Қазір перзентханада. Басқа ақпарат таратуға жатпайды», - деп хабарлайды білім басқармасы.

Айта кетері, қыз бала жуырда ғана, яғни, қыркүйек айында медициналық тексеруден өткен деген ақпарат бар. Бірақ, ол жолы дәрігерлер қыздың аяғы ауыр екенін байқамаған тәрізді. Сондықтан, қыздың жүкті екенін білмеген дәрігерлердің әрекетіне баға беру үшін қазір комиссия құрылған.

Серіктес жаңалықтары