$ 537.77  622.95  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Саған темекіні тастатамын»: Ердоған мен Мелонидің әзілі желіде кең тарады (ВИДЕО)

Көшбасшылар Мысырда жиналған 

«Саған темекіні тастатамын»: Ердоған мен Мелонидің әзілі желіде кең тарады (ВИДЕО)
Фото: скрин/BirGün TV

Түркия Президенті Режеп Тайип Эрдоган Италия премьер-министрі Джорджия Мелониге темекіні тастауға кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жағдай әлем көшбасшыларының Газа секторындағы соғысты тоқтатуға арналған бейбіт саммиті кезінде болған.

«Сіз керемет болып тұрсыз. Бірақ сізге темекіні тастатуым керек», - деді Эрдоган Мелониге күле қарап.

Алайда олардың әңгімесіне араласқан Франция президенті Эммануэль Макрон «Бұл мүмкін емес!» - деп қалжыңдады.

Темекі тартпаса, көңілі бұзылып, ашуланшақ болып кететінін меңзеген Италия премьер-министрі «Білем, білем. Мен ешкімді өлтіргім келмейді», - деді әзілмен жауап қатты.

Джорджия Мелони бұған дейінгі сұхбаттарында кейбір шетелдік әріптестерімен бейресми қарым-қатынас орнатуға темекі көмектескенін айтқан.

Айта кетейік, Ердоған 2024–2028 жылдарға арналған «Темексіз Түркия» атты ұлттық бағдарламаны іске қосқан болатын.

Серіктес жаңалықтары