$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2020, 15:49
Қоғам

Күдебаев жаңа қызметке тағайындалды

Алматы қаласы Полиция Департаментінің бастығы Серік Күдебаев қызметін ауыстырды

Күдебаев жаңа қызметке тағайындалды

Генерал-майор Серік Күдебаев бұдан былай Алматы облыстық ПД-ға жетекшілік етеді деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. Полиция департаментінің жаңа басшысын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бүгін жеке құраммен таныстырды.

«Президент Әкімшілігі мен облыс әкімінің келісімі бойынша полиция генерал-майоры Күдебаев Серік Мырзақұлұлы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Ал бұған дейін облыстық ПД тізгінін ұстаған  полиция генерал-майоры Үрімханов  Мұрат Жалелұлы кадр резервіне алынды. 55 жастағы Серік  Күдебаев 2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің (қазіргі полиция басқармасы) бастығы болған. 30 жылдан бері құқық қорғау саласында түрлі лауазымды қызметтерді атқарған Серік Күдебаев 2012-2013 жылдары да облыста бас полицей болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығы Серік Күдебаевтың ұлының өлімінен кейін №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен дәрігер-анестезиолог Асқар Тұңғышбаевтың қамауға алынып, қоғамда қызу талқыланды. Осы жағдайға байланысты бірқатар қазақстандық дәрігерлер Қ.Тезекбаевқа қолдау білдіріп, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдады. Тезекбаевтың зайыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашых хат жазды. Іссапармен АҚШ-та жүрген Президент әлеуметтік желі арқылы үн қатып, бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімінің бақылауында болатын жазды.

Тоқаевтың туитінен кейін Қанат Тезекбаев қолхатпен босатылды. Көп ұзамай ешқайда кетпеу туралы қолхатпен екінші дәрігер Асқар Тұңғышбаев та босатылды.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы 

Серіктес жаңалықтары