$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2019, 16:35
Жаңалықтар

Тоқаев қамауға алынған алматылық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді

Нью-Йоркте жұмыс сапарымен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы дәрігерлердің қамалуына қатысты пікір білдірді 

Тоқаев қамауға алынған алматылық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді
Фото: zoj.kz

Бүгін Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың қамауға алынды. Оған медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамады деген айып тағылып, қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен 2 айға уақытша оқшаулау изолияторына қамалды. Сондай-ақ, Алматы қалалық соты Қ.Тезекбаевқа қатысты бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын да айтты.

Оқи отырыңыз: Алматыда №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері қамауға алынды

Осы жағдайға байланысты бірқатар қазақстандық дәрігерлер Қ.Тезекбаевқа қолдау білдіріп, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдады. Сондай-ақ, бас дәрігердің жары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істің әділ тергелмеуінен қауіптеніп, өз бақылауына алуын өтінген еді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Нью-Йорк қаласында жұмыс сапарымен жүргеніне қарамастан еліміздегі медицина қауымының өтініш-тілектеріне әлеуметтік желі арқылы үн қатыпты.

«Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматыдағы 4-ші қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина  қауымының өтініш-тілектерін оқыдым. Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қ. әкімінің бақылауында», - дейді Қ.Тоқаев twitter парақшасында.

Айта кетейік, 2 қыркүйекте осы аурухананың анестезиолог дәрігері Асқар Тұңғышбаев та сот шешімімен қамауға алынған болатын. Дәрігерлер қалалық полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы - Нұрсұлтан Күдебаевты өлімінен кейін тергеуге алынған.

Серіктес жаңалықтары